Несиесін іске жаратқан

Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар аз емес.

Соның бірі – Тасболат Жүкенов. Ол алдымен аудандық жұмыспен қамту орталығына барып,  мамандардан кеңес алған.  Кейін кәсіпкерлік негізі бойынша арнайы курстан өтіп,  төмен пайыздық мөлшерлемемен 1,5 миллион теңге несиеге қол жеткізген.
Кәсіпкер бұл қаржыға металл,  ағаш және пластмасса өнімдерін өңдеп,  қайта қалпына келтіретін цех ашты. Бүгіндері жеке кәсіпкердің «Даниял»  деп аталатын шеберхана қызметіне сұраныс жоғары.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар