Алда – республикалық кезең

Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен екінші республикалық «Білім берудегі инновация және тәжірибе: уақыт талабы» атты педагогикалық оқуларының облыстық кезеңінің қорытындылары шығарылды.

Аталған шара үш жылда бір рет білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық тәжірибелерді насихаттау мақсатында өткізіледі. Биылғы педагогикалық оқуларға облыс қалалары мен аудандарынан келген ұстаздар өздерінің жұмыстарын «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», «Бастауыш білім беру», «Орта білім беру», «Техникалық және кәсіптік білім беру», «Жоғары білім» секілді бірнеше бағыттар бойынша ұсынды. Қабылданған 710 ғылыми жұмыстың ішінен сараптамалық топ тек үздік 140 жобаны ғана таңдап алды. Іріктеу кезеңінде олардың мазмұны, заманға сай жаңашылдығы, болашақта іс-тәжірибеге енгізу артықшылығы, әлеуметтік маңызы басты назарға алынды.
Жеңімпаздарды марапаттау салтанатында Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Айсұлу Ақышева облыстық кезеңге жобаларын ұсынған барлық мұғалімдерге алғыс айтып, ұстаздық деген ұлы жолда табыстан табысқа жете берулерін тіледі. Бұл ақ тілектер Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бисара Мәкенованың орындауындағы әсем әнмен өріліп, одан әрі жүлдегерлерді марапаттау рәсімі басталды.
Бірінші дәрежелі дипломдар педагогика ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Айсұлу Шаяхметоваға, Целиноград ауданы Малотимофеевка ауылындағы №40 бастауыш мектебінің меңгерушісі Елена Суриковаға және Бұланды ауданындағы Никольск орта мектебінің мұғалімі Ирина Григорьеваға,  тағы бір топ мұғалімге табыс етілді. Енді оларды алда республикалық педагогикалық оқулары тосып тұр. Бұл күні сондай-ақ, екінші және үшінші дәрежелі дипломдардың иегерлері де анықталып, екінші республикалық «Білім берудегі инновация және тәжірибе: уақыт талабы» атты педагогикалық оқуларының облыстық кезеңіне қатысқанды растайтын сертификаттар, педагогикалық жұмыстар топтастырылған «PDF» форматындағы материалдар жинағы берілді.   

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар