Кітап – білім бұлағы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған балалар кітап апталығы облыс орталығындағы әдебиет және өнер музейінде «Дос болайық кітаппен» атты тақырыптық кешпен өз мәресіне жетті.

 

1967 жылдан бастап Балалар кітабы бо-йынша халықаралық кеңестің шешімімен 2 сәуірде – Данияның белгілі ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күнінде бүкіл әлем балалар кітабының халықаралық күнін атап өтеді. Жыл сайын әртүрлі баспалардан шетелдік жазушылардың ертегілері бірнеше тілдерге аударылып, жарық көреді. Сондағы мақсат әдеби кітаптарды насихаттау арқылы балалардың бойында мейірімділік, адалдық секілді ізгі қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Биылғы жылы өткізілген апталық барысында кішкентай оқырмандарға өткен ғасырлардағы және балалар әдебиетіне кейіннен қалам тартып жүрген жазушылардың кітаптары таныстырылды.
Шараның салтанатты жабылу рәсімінде қаладағы №21 орта мектептің оқушылары көкшетаулық ақын Қайырбай Төреғожаның балаларға арналған Отан, білім, туған жер туралы өлеңдерін жатқа айтса, Застанционный қалалық кітапханасының «Алақай» қуыршақ театры көрермендер назарына А.Байковскаяның шығармасы желісіне құрылған ертегіні ұсынды. Сахнаға Алдар көсе, Кітап ханшайымы, Тазша бала, Буратино секілді ертегі кейіпкерлері көтеріліп, балалармен қызықты ойындар өткізді. Сонымен қатар, мәдениет қайраткері, ақын Орынбай Жанайдаровтың туғанына 65, орыс ақыны Агнии Бартоның 110 жылдығы, «Көкше ақын-жазушыларының балаларға базарлығы» атты тақырыпта көрме қойылды.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.   

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар