Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айлықтарын төлемей, әуреге салған - АРҚА АЖАРЫ

Айлықтарын төлемей, әуреге салған

Аудандық прокуратураның араласуымен бірқатар жергілікті серіктестіктердің жұмысшыларына бірнеше ай бойы төленбей, жинақталып қалған еңбекақылары қайтарылды.

Өткен жылдың желтоқсан айында тексеріс жұмыстарын жүргізген аудандық прокуратура осы өлкедегі «Агрофирма Веденовка» және «Агрофирма Бурабай 2007»  серіктестіктерінің заңсыз істерін анықтады. Біріншісі 191 жұмысшыға 2015 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында жалпы көлемі 24 миллион 229 мың теңгеден астам жалақыны төлемей келген болса, осындай жағдай «Агрофирма Бурабай 2007»  серіктестігінде де орын алды. Бұл фирма басшылары жұмысшыларына еңбекқаларын төлейтіндіктерін айтып, үш ай бойы құрғақ уәде берумен келген. Аудан прокуратурасының араласуымен  аталған серіктестікте жұмыс істейтін 231 адам 32 миллион 956 мың теңге көлеміндегі еңбекақыларын алды. Тексеріс жүргізілген бірінші серіктестік жұмысшылары да  өздеріне тиесілі ақшаларына қол жеткізді.

Мағжан СӘЛІМОВ,
Бурабай аудандық прокуратурасының прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар