Жақсылыққа – алғыс

Өткен жексенбі күні облыс орталығында ұйымдастырылған қайырымдылық балында бір жарым миллион теңгеге жуық қаржы жиналып, төрт отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.

Бұған қоса, игі шараға қатысушы «ПродМир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Светлана Денищик Сайлаубаевтар отбасына компьютер сыйлады. Тәжірибе алмасу, сал ауруымен ауыратын балаларды емдеу әдістерімен бөлісу мақсатында қайырымдылық балына  мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, Щучинск қаласындағы балалар үйінің тәжірибелі массажисі Ғалия Әлібекова да шақырылған болатын. Ол 32 жыл бойы осындай дертке шалдыққан бүлдіршіндерді сауықтырумен айналысып келеді. Бір-бірлерімен таныса келе ата-аналар іскер әйелдер қауымдастығы жанынан өзара сұхбаттасып, кездесіп отыратын бірлестік ашуға келісті.
Жүрегі жомарт азаматтар өмірде қиын жағдайларға тап болған жандарға көмек қолын созамын десе, қаржыларын арнайы есепшотқа аудара алады. Қайырымдылық шарасын өткізуге бір кісідей атсалысқан облыстық басқарма басшыларына, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының ұжымына, «Жан-S», «К.Г.С.Сауда», «Гормолзавод», «Алтын балық», «Той-Дастархан», «Мебелион» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне, «Оазис» гүлдер салонына, «New Face» модельдер мектебі мен «Арт Десерт» компаниясына зор алғысымызды білдіреміз.   
    
Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар