«Бір тал кессең, он тал ек!»

деген халық даналығы облыс көлемінде өткен сенбілікте жете ескерілді

 Қала жасарып қалды

 

Облыс орталығындағы жалпықалалық сенбілікке  ұжымдар мен жекелеген тұрғындар белсене қатысып, ағаштардың түбін әктеп,  көшеттер отырғызды, өздеріне бекітіліп берілген аумақты қысқы қоқыстан тазартты.

Сондай-ақ, бұл күні аялдамадағы павильондар тазалық қалпына келтірілді. Қаланың 21 учаскесінде сібір шыршасы, қарағай, қайың, алма ағашы, терек тәрізді 768 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Сенбілік кезінде студенттер саяжайлар маңын, скверлер, орталық бақ мен Даңқ аллеясын тәртіпке келтірді. «Алтынтау-Көкшетау» серіктестігі Краснояр бағытындағы жол бойында қордаланған 8 күл-қоқыс үйіндісін жойды. Мекемелер мен кәсіпорындар өздеріне бекітіліп берілген мыңдаған ағаштардың түптері мен жағатастарды әктеді. Қала аумағынан 850 текше метр қоқыс шығарылды. 25 күл-қоқыс үйіндісі жойылды. Қоқысты шығару үшін жекеменшік және коммуналдық кәсіпорындардың техникасы тартылды. Сөйтіп, бұл игілікті іске мемлекеттік және жекеменшік мекемелер, қала тұрғындары белсене қатысты.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

 

 

127 түп көшет егілді

 

Қойнауы құт Бұланды ауданының орталығы – Макинск қаласы жылдан-жылға көркейіп келеді. Жасыл желекке оранған шаһарда көктем шыққалы абаттан-дыру, көркейту жұмыстары қызу жүргізілуде.

 

Аудан шеңберіндегі дәстүрлі айлық аясында өткен сенбілікте қалада көшеттер отырғызу іс-шарасы өтті. Оған аудан басшысы Қуандық Испергенов бас болып, аудандағы мекемелердің басшылары және қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты.  Ағаш отырғызу барысында барлығы 127 түп көшет отырғызылды. Оның 87-сі – қайың көшеттері, 40 данасы – қарағай.
– Тазалықты барлығымыз да сақтауымыз керек. Мұнда тек біз ғана емес, қанша халық тұрады. Макинскінің болашақта жасыл желекті қала болуына үлесімізді қосқанымыз абзал, – деді аудан басшысы ағаш отырғызу жұмыстары кезінде.
Туған жерге адал ниетпен бір ағаш ексең – жақсы іске үлес қосқаның. Сондықтан да, мұндай шаралар кейінгі толқын – жастарды табиғат ананы сүюге, оны аялауға тәрбиелейтіні анық.
Айгүл Аманжолова.

 

 

 

Ортақ істен аянбады

 

Өткен сенбі күні аудан әкімі Мәлғаждар Тәткеевтің қатысуымен аудандық әкімдіктің маңына ағаш көшеттері отырғызылды.

 

Жалғыз ағаш көшеттері ғана емес, жалпы аудандағы елді мекендер тазартылып, абаттандырылды. Аудан тұрғындары осы бір ортақ іске ынтымақпен атсалысып, белсенділік танытты. Игілікті іске мемлекеттік қызметшілер мен аудан жастары жалпы, жұртшылық  қызу атсалысты.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.
Целиноград ауданы.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар