«Оқжетпес»: жеңісті жол жалғасуда

Премьер-Лигада өнер көрсететін Көкшетаудың «Оқжетпесі» қатарынан төртінші ойынында жеңіске жетіп, жанкүйерлерін қуанта түсуде.

Бұл жолы жерлестеріміз Теміртауда Қарағандының «Шахтерімен» кездесті. «Оқжетпес» үшін бұл ойын ауыр ойындардың бірі болды. Өткен турда «Қайратпен» тең ойнап, турнир кестесіндегі соңғы орыннан бір саты алға жылжыған кеншілер командасы өз алаңында жағдайларын түзеп алуға бар күш-жігерлерін салды. Әсіресе, алаң иелерінен Әсет Байжанов, Финонченко, Горячий сияқты ойыншылар жақсы ойын өрнегін көрсетіп, «Оқжетпес» қақпасына бірнеше мәрте қауіп төндірді. Бірақ, мұндай қысылтаяң сәттерде «Оқжетпестің» қақпашысы Стаменкович шеберлігімен көзге түсіп, қақпаға бағытталған ауыр доптарды кері қайтарумен болды.
Осындай алма-кезек шабуылдармен өткен ойынның 31-ші минутында оқжетпестік қорғаушы Александр Чижов алаң иелерінің доп берудегі қателігін кешірмей,   «Шахтердің» қақпасы алдындағы қауіпті сәтті голға айналдырды. Сөйтіп, «Оқжетпес» осы есепті ойын аяғына дейін ұстай біліп, кезекті  жеңісіне қол жеткізді. Алдағы жетінші турда жерлестеріміздің Шымкенттің «Ордабасымен» өтетін ойынын жанкүйерлер 23 сәуір күні, күндізгі сағат 14.30-да «Қазспорт» бағдарламасынан тамашалай алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар