Ынтымақпен атқарған іс өнімді

Облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин қалалық және аудандық мәслихат хатшыларымен кездесу өткізді.

Жергілікті уәкілетті органдар атқарушы билікпен тығыз, әрі жемісті байланыс орнатуға мүдделі болулары қажет. Жүздесуде осылай деп сөз алған Дулат Нұрахметұлы әкімдік пен мәслихаттардың өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы ғана экономиканың барлық салаларындағы негізгі міндеттерді шешіп, жемісті жұмыс істеуге мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында облыстың депутаттық корпусының жұмысында бірқатар басым бағыттарды белгіледі. Халық қалаулылары елді мекендердің абаттандырылуы мен өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, басқа да маңызды әлеуметтік мәселелердің шешілуіне атсалысуы қажет.
Кездесуде Ақмола облыстық мәслихатының жұмысын үйлестіріп отыратын арнайы кеңес құру мәселесі көтеріліп, оның құрамы мен негізгі мақсаты айқындалды. Бұл кеңес консультативтік-кеңес органы ретінде саналып, оның қызметі мәслихаттардың жұмысын мінсіз етуге және тиімділігін арттыруға бағытталатын болады. Жиынға қатысушылар бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, мүдделілік танытты.  
Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар