Есеп берулердің нәтижелілігі – нақтылы өзгерістерде

Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарламаларды іске асыру, ауылды, тұрғын үй құрылысын дамыту, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту жөніндегі мәселелерді шешу, сондай-ақ, қоғамды осы істерге одан әрі жұмылдыру туралы халықты ақпараттандыруды арттыру үшін 2016 жылғы 14 қаңтар мен 24 ақпан аралығында облыс өңірлерінде барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулері өткізілді.  
Есеп беру кездесулерінде 1112 адам сөз сөйледі, 727 ұсыныс енгізілді, мемлекеттік органдар басшыларының атына сыни ескертулер айтылған жоқ.  
Барлық 727 ұсыныс әлеуметтік сипатта болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар келіп түскен жоқ.   
612 (84,2 пайыз) ұсыныс бойынша түсініктеме берілді, 90 (12,4 пайыз) ұсыныс өңірлердің іс-шаралар жоспарына қосылды. Облыс әкімінің қаулысымен бақылауға алынды – 25 (3,4 пайыз) ұсыныс, оның ішінде республикалық деңгейде шешілетіні – 2, облыстық деңгейде – 23, оның ішінде 2016 жылғы 1 сәуірге жағдай бойынша орындалғаны – 1 (4,3 пайыз).  
2016 жылы «Новочеркасское-Егіндікөл» автомобиль жолының учаскесін (13,6 шақырым) орташа жөндеуді бастауға облыстық бюджеттен 350,5 миллион  теңге бөлінді. Жұмысты «Көкшетау жолдары» мердігерлік ұйымы жүргізеді. Аяқтау мерзімі – ағымдағы жылдың қазан айы.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерінде тұрғындардан  келіп түскен ұсыныстардың орындалуы туралы барынша толық ақпарат облыс әкімінің сайтына орналастырылды.  
   Жомарт НҰРКЕНОВ,
облыс әкімі аппаратының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар