Көкшетауды сүйген жүрекпен

«Көкшетау қалалық татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Мин яратам сине, Көкшетау!» атты гала-концерт болып өтті.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шарада Ринат Айтенов пен Орал Бірлістің домбырамен  орындауындағы қазақ әндеріне жасалған поппури көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. Сондай-ақ, өзге де ұлттардың әндері шырқалды. Көпшілікке жақсы таныс «Арлекин», «Русская пляска» әндері де орындалды. Жас өнерпаздар Влад Грушевицкий, Шамиль Салимзянов, Динара Сәрсекеева, Радмира Баймульдина, Гульсина Файзылыева, Сарвар Мубаракшин, Ильсура Урманова және Рустам Ишмухамедов жиналған қауымға ән мен жырдан шашу шашты.
Достық үйінің көркемөнерпаздар ұжымымен қатар, татар-башқұрт мәдени орталығының белсенділері – «Ғалиябану» фольклорлық ансамблі мен «Яшлек» би ұжымы сахнада өнер көрсетті. Аталмыш іс-шараға  облыс орталығындағы Біржан сал атындағы музыка колледжі мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің білім алушылары да үлес қосып, өз өнерлерін ортаға салды.  Кеште айтылған барлық әндер патриоттық тақырыпта болды. Көкше жерінің көркем табиғаты мен көрікті жерлерін әспеттеген әуендер Отанға деген сүйіспеншілік пен махаббатты айқын аңғартып тұрды десек, артық айтқандық емес.

Динара ЖӘМШИТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар