Көшеттермен толықты

Өткен сенбі күні «Жасыл болашақ» акциясы аясында облыстық прокуратура, тексеру комиссиясының қызметкерлері Шахмет Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының алдындағы саябаққа ағаш отырғызды.

 

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде қолға алынған игі іске «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты, облысымыздың танымал спортшылары да қосылып, көгалдандыру шарасына белсене араласты. Облыс прокуроры Мұратбек Исаділов бастаған ұжым театр алдындағы саябаққа 25 түп шырша ағашын отырғызса, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы  Мереке Мұстафин да өз қызметкерлерімен бірге бұл істі жалғастырып əкетті.
Жалпы, күзге дейін осындай 25 акция ұйымдастырылады деп күтілуде.

«Арқа ажарының»  өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар