Жанашыр жүрек жылуы

Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен Бурабай ауданы Кенесары ауылында тұратын көпбалалы əке Мұрат Қабылбаевтың «Покажи мне небо» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

 

Жинаққа автор өзінің естеліктерін, ата-ана қандай болуы керектігі туралы мағыналы ойларын топтастырған екен. Негізі шығарма əке күнделігі деп аталады. Мұрат пен оның жары Орынбасар жетімдер үйінен он бала асырап алып, оларды бауырларына басып отыр. Осы бір үлгілі, шуағы мол, жақсы істерін ерлікке баласақ та артық етпейді.
Бұл күні Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының атынан отбасына тарту-таралғылар табыс етілді. Оқу орнының ректоры, техника ғылымдарының докторы Əбдімүтəліп Əбжаппаров, «Қоғамдық келісім» мекемесі жетекшісінің орынбасары Манат Исмағұлов, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова, облыстық білім басқармасының өкілдері, тағы басқалары сөз алып, жақсының жақсылығын айтты. Əсіресе, ұлттар арасындағы татулық, бірлік, мемлекеттік тілге деген құрмет бір шаңырақтың ішінде көрініс тауып отырғаны ерекше атап өтілді. Қабылбаевтар асырап алған балалар түрлі ұлттың өкілдері болса да, бəрі бір-бірін туғанындай көреді, оның үстіне халқымыздың салт-дəстүріне, мемлекеттік тілге жетік.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
 Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар