Өнегесі мол шара

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан  халқының Бірлігі күніне арналған  қалалық велосаяхат өтті. Облыстық  білім басқармасы мен басқарма жанындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, Көкшетау қалалық білім бөлімі, өлкетану және экология орталығы бірлесіп ұйымдастырылған шараға жүзге жуық велошабандоз қатысты.

 

Ұзақтығы төрт шақырым қашықтықты құрайтын жолдың басы №3 облыстық  дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатынан басталып, қала орталығындағы Тәуелсіздік алаңында аяқталды.
Мектеп оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері, қала тұрғындары қатысқан бұл шараның ашылу салтанатында облыстық мәслихаттың депутаты, Ақмола облысындағы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Еркін Исімбаев қатысушыларды маусымның  ашылуымен құттықтап,  халық арасында мұндай шара  тұрақты түрде өтіп тұрса деген тілегін айтып,  көкшетаулықтарды жаяу жүруге, велосипед тебуге, спортпен шұғылдануға шақырды.
Велосаяхатқа қатысушылардың ішінде мемлекеттік қызмет бойынша  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент басшысының орынбасары Ерлаз Жайықбаев, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Арман Жүсіпов пен бас маманы Гүлмира Сауытова, облыстық өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі оқу-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Мәдиева, «Жұлдыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Александр Пятков, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің  техника ғылымдарының кандидаты  Бейбіт Хайруллин,  облыстық мәдениет басқармасының қызметкерлері болды. Олардың ішіндегі ең үлкені алпысты еңсеріп қалған Ғалымтай Өмірзақов. Ал, саяхаттың ең кішкентай қатысушысы №17 орта мектебінің 1 сынып оқушысы Арнур  Атбашар болды.
Велосаяхаттың қауіпсіз өтуін жол полициясы мен жедел жәрдем машинасы қадағалады.   

 

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар