Алқаптарға ылғал жабылуда

Биыл облыс бойынша 4,6 миллион гектар алқапқа тұқым сіңірілмек. Бұл күндері мол өнімнің негізін қалау мақсатында ылғал жабу жұмысы қызу жүріп жатыр.

Қазір егіс алқаптарында 830 агрегат жұмыс атқаруда. Ылғал жабу жұмысы Атбасар, Жақсы, Жарқайың және Есіл
аудандарында қызу қарқын алған. Облыс бо-йынша 1,3 миллион гектар алқаптың ылғалы жабылды. Жарқайың ауданы бойынша биыл 555,6 мың гектар алқапқа тұқым себілмекші. Бұл егіс көлемі жағынан облыстағы үлкен аудан. Жарқайыңдықтар күніне 40 мың гектар алқаптың ылғалын жабуда.
Бұл жоғары көрсеткіш. Аудандағы «Жаркаинская нива», «Интернационал-Астана», «АБС Жаркөл» және «Оксана-Агро» серіктестіктері биылғы көктемгі егіске дайындықты ұйымшылдықпен бастады. Өнімділігі мол топырақ өңдеу кешендерін тиімді пайдаланып, еңбек үлгісін көрсетуде. Сондай-ақ, Жақсы ауданының да егіс алқабының көлемі үлкен. Жақсылықтар күніне 34-35 мың гектар алқаптың ылғалын жабуда. Алқаптарда 115 агрегат жұмыс істеп жүр. Жалпы, ылғал жабу жұмысын бір аптаның ішінде аяқтау жоспарланған.
Мол ылғал болашақ өнімнің берік негізі болып табылатындығы белгілі. Сондықтан, осы агротехникалық  маңызды шараға бар қажыр-қайраттарын жұмылдырып жатқан диқан қауымына сәттілік тілейміз.
Совет БАЛТАБАЙ,
облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар