Бас прокуратура шет елге жер сатылатыны туралы сыбыс таратқандарға қатаң ескерту жасады

Осы аптада әлеуметтік желілерде шетелдіктерге жер сатылатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бас прокуратура мұндай жалған ақпаратты таратушыларды тауып, жазаға тартатынын мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Соңғы кездері БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде ауыл шаруашылығы жерлері шетелдіктерге сатылады деген арандатушылық мақсаттағы жалған ақпарат тараған. Бұл әрекеттерде ұлтаралық және әлеуметтік алауыздық тудыру белгілері бар. Осыған байланысты бас прокуратура ескертеді: бұл әрекеттер заңды өрескел бұзу болып табылады және кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке дейін тартылуы мүмкін», – деді құзырлы мекеме.
Елдің жоғарғы бақылау органы ретінде бас прокуратура барлық тұлғаларды мұндай әрекетке бармауға шақырды.
«Бүгінде барлық азаматтарға айтарым, әсіресе журналистер мен желі парақшаларының иелеріне, заңды бұзбауларыңызды сұраймын», – деді бас прокуратураның жаңа басшысы Жақып Асанов.
Бас прокурор прокурорлық бақылауды күшейтетінін алға тартты.
«Мен прокуратураның барлық аймақтық органдарына бұл саладағы құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтап, оларға тосқауыл болуды тапсырдым. Құқық қорғау органдары жедел түрде кінәлілерді тауып, қылмыстық жауапкершілікке дейін тартатын болады», – деді бас прокурор.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті де шетелдіктерге жер сатылады деген ақпарат таратқан арандатушыларды жауапкершілікке тарту керектігін мәлімдеген болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар