Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пасха мейрамы - АРҚА АЖАРЫ

Пасха мейрамы

Қымбатты ақмолалықтар!
Міне, адамзатты ізгілікке бастайтын діни мереке – Пасха да келіп жетті. Сіздерді осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтағым келеді.
Бұл мереке жаңаруды, қуаныш пен үмітті білдіріп, адамдарды бейбітшілікте өмір сүруге шақыратынын баршамыз жақсы білеміз. Көпұлтты елімізде дінге бөлінбей, Пасханы, Рождество мерекесі мен Наурыз, Құрбан айтты да бірге атап өтеміз. Осындай жақсы дәстүр қазақстандықтардың толеранттылығының арқасында мүмкін болып отыр.
Мемлекет басшысы  Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында: «Біз достықты қазақстандықтардың барлық буынының басты игілігі ретінде сақтай білдік. Біздің бірегей жолымыз – тең құқықтылық, бір шаңырақ астында өмір сүретін барлық этностың бірлігі мен келісімі халықтың тілек-қалауымен таңдалды», – деп ерекше атап өтті.
Пасха жоралғылары адамдардың өзара түсінісуіне, рухани жақындасуына игі әсерін тигізіп, әрқайсымызды ізгілік жасауға шабыттандыратынына сенемін.
Мереке әр отбасына махаббат, қуаныш нұрын сеуіп, жүректерді жылы сезімдермен, ақ ниеттермен толтырсын. Көктемнің әр күні ақмолалықтар үшін тек жақсылыққа толы болсын.
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Облыстың барлық православ хрис-тиандарын басты мерекелерінің бірі – рухани жаңару, өмірдің салтанатын және жоғары танымдық бастауларды бейнелейтін Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлт Көшбасшысы – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Қазақстанда егеменді мемлекеттің өміріне бейбітшіліктің, жақсылықтың және татуластықтың нышанындай нық енген Құрбан айт, Рождество, Пасха сияқты діни мерекелер тиісінше құрметпен атап өтіледі. Осы атаулы күндер барлығымызға адамдарға деген үлкен сүйіспеншіліктің сабағы болып табылады. Олар біздің өмірімізді, жүректерімізді рухани күшпен, сеніммен және үмітпен, жақсылықпен, шыдамдылықпен толықтырады.  Осы күні Сіздерге денсаулық, әл-ауқат, көк-
темгі жылылық тілеймін, барлық арман-дарыңыз орындалсын, үміттеріңіз ақталып, игі істеріңіз қолдау тапсын.
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы.             

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар