Айғаным бәрінен озды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Сүлеймен Демирел университетінің 20 жылдығына орай, Қаскелең қаласында «SDU CUP – 2016» атты дәстүрлі халықаралық пікірсайыс  өткізілді. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жалпы саны 55 команда қатысты.

 

Ақмола облысының намысын қорғап, Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп- гимназиясынан 2 команда қатысты. «Ашық айтамыз» командасының құрамында Айғаным Қыдырмен, Нұрхан Тұрсын, ал, «Айтарым бар» командасының құрамында Ғайниса Сүлейменова, Сая Сейпілова өнер көрсетті. Жарыста шәкіртіміз Айғаным Қыдырмен алдына жан салмай 110  баланың ішінен жеке дара озып шықты. Сөйтіп, ол «Үздік спикер» номинациясы бойынша бас жүлдені қанжығасына байлады. Сонымен қатар, 11 сынып оқушысы Айғаным аталған университетте қалаған мамандығы бойынша 4 жыл бойы 50 пайыздық жеңілдікпен оқуға мүмкіндік алды.
Осылайша халықаралық дүбірлі сайыста Көкшетау қаласындағы М.Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби  мектеп-гимназиясының оқушылары білімдері мықты екенін дәлелдеп қайтты.

Сағындық СЕРІКБАЕВ,
№3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар