Көгілдір экранда – ақмолалық батырлар туралы деректі фильмдер

2015 жылы «Нұр Отан» партиясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай, «Қазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары» атты антологияны даярлау бойынша зор жұмыс жүргізді.

Мемлекеттік тіл мен орыс тілінде дайындалған 70 қысқа метражды фильмдердің шығарылуына  Еуразиялық топ компаниясы мен «Kazakhstan Computer Graphics» ЖШС қолдау жасады.
Аталмыш фильмдердің қатарында өзіміздің Ақмола облысының біртуар перзенттері Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов және  Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізді зұлым жаудан қорғауда қан майданда ерен ерліктің үлгісін көрсеткен басқа да даңқты тұлғалары туралы фильмдер бар.
Қазақстан Республикасы Отан қорғаушы күні мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай, «Қазақстан-Көкшетау» ТРК АОФ эфирінде 7-10 мамыр аралығында әйгілі ақмолалықтар, Кеңес Одағының Батырлары, Халық Қаһармандары «Рақымжан Қошқарбаев», «Сағадат Нұрмағамбетов» атты деректі фильмдерінің көрсетілімі ұйымдастырылады.
– 7 мамыр сағат 11.50-де  «Қазақстан-дықтар – Кеңес Одағының Батырлары. С.Нұрмағамбетов» д/ф;
– 8 мамыр сағат 11.50-де «Казахстанцы – Герои Советского Союза. Р.Кошкарбаев» д/ф;
– 9 мамыр сағат 12.05-те «Қазақстан-дықтар – Кеңес Одағының Батырлары. Р.Қошқарбаев» д/ф;
– 10 мамыр сағат 11.45-те «Казахстанцы – Герои Советского Союза. С.Нурмагамбетов» д/ф.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар