Мерекеде сый-сыяпатсыз қалмайды

Ұлы Жеңіс күнінің құрметіне облысымыздағы соғыс ардагерлеріне қомақты мөлшерде бір реттік қаржылай көмек көрсетілмекші.

Бұл игі іс облыстық әкімдіктің ұйғарымымен жүзеге асырылғалы отыр. Ресми деректерге жүгінсек, бүгінгі күні өңірімізде 159 соғыс ардагері, 7556 тыл еңбеккері және 1432 Чернобыль апатынан зардап шеккендер мен ауған соғысына қатысушылар тұрады. Көкшетау қаласында небары 52 соғыс ардагері мен 2500 тыл еңбеккері қалған. Саны күннен күнге азайып бара жатқан аға ұрпақтың ерлігі ең жоғары сый-құрметке лайық.
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бөлім басшысы Айгүл Сүлейменованың айтуынша, Жеңіс күні құрметіне Ұлы Отан соғысының ардагерлері 200 мың теңге көлемінде қаржылай жәрдемақы алады. Ал, оларға теңестірілген тыл еңбеккерлері
10 мың теңге, Чернобыль апатынан зардап шеккендер мен Ауған соғысына қатысушылар 20 мың теңге көлемінде қаржылай жәрдемақыға ие болмақшы.
Алма НЫҒМЕТОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар