Қазақстандық ардагерлерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қазақстандық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдық мерекесі қарсаңында ардагерлерді қолдау шаралары мен оларды құттықтау мақсатында жергілікті атқару органдары іс-шаралар жоспарын жасады. Әкімдіктердің мәліметі бойынша, ардагерлерге бір реттік материалдық көмек көрсету мақсатында жергілікті бюджеттен 2,6 миллиард теңге қарастырылған», – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, ҰОС мүгедектері шипажай-дауажайда емделуге, протездеу медициналық құралдарымен, протездік-ортопедиялық жабдықтармен қамтамасыз етуге, сурдожабдықтар мен өзге де компенсаторлық жәрдемші құралдармен, тісті протездеумен, міндетті гигиеналық заттармен, кресло-арбамен, дәрілік заттармен бірінші кезекте қамтамасыз етілетін болады.
2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бо-йынша, Қазақстанда 3668 Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 176342 ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер; 220 қоршауда болған Ленинград тұрғындары; 548 кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлі орындарда болғандар; 110 ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардың (із-түссіз жоғалып кеткендердің) қайта үйленбеген жұбайлары; 9386 қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері бар.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар