Әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіру басымдықтары айқындалды

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу қарсаңында Қазақстан Респуб-ликасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына барды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, еңбек ардагерлері, Қарулы Күштердің офицерлері қатысты.
Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығын Қазақстан Президенті 2015 жылғы 1 желтоқсанда ашты. Ұлттық әскери-патриоттық орталық құрылымына Әскери-тарихи мұражай, Орталық әскери оркестр және Орталық ансамбль кіреді.
Мемлекеттік хатшы Қарулы Күштердің Әскери-тарихи мұражайының экспозицияларымен танысты. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттерімен, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен, Астана қаласы орта мектептерінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан Республикасын одан әрі дамыту және өркендетуге бағытталған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін іске асыру аясында өскелең ұрпақты әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында Мемлекеттік хатшы жас ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдірудегі басымдықтарды айқындап, Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығы мерекесімен құттықтады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар