Шыбын-шіркей болмайды

Қалада соңғы он жылда алғаш рет су қоймалары мен өсімдік өсетін орындарды дезинсекциялау жұмысы жүргізілуде.
Өйткені, жазда сары маса мен шіркейлер тұрғындарға көп ыңғайсыздық тудыратыны белгілі.

Адамның денсаулығына зиян келтіретін масалардан қорғану үшін сары масаның жұмырқаларын жою қажет. Осыған байланысты қалада дезинсекциялау жұмысы 35 гектар алаңда жоспарланған. «Феникс Авиакомпаниясы» серіктестігі сары масаның көбейетін ошағын «Биоларвицид» биологиялық дәрісімен әуеден өңдеді. Дәріні «Биокорм» серіктестігінің директоры Наталья Лощинской тегін берді. Бұл микробиологиялық дәрінің тиімділігі жоғары әрі тез әсер етеді.
Дәрі адам, жануарлар, өсімдік, балық, пайдалы жәндіктер мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді. Сондай-ақ, биологиялық дәріні «Боимедпрепарат» серіктестігі ұсынды. Әуекомпания мамандары әуеден парк аумағын, қалаға кіреберістегі  жол бойындағы сазды жерлерді өңдеді.  «НЦЭ» кәсіпорны мен «Степногорск -Тазалық» серіктестігінің келісім-шартына сәйкес  қазіргі заманғы қондырғылар пайдаланыла отырып, ағашты аймақтағы шағын су қоймалары, жертөлелер және әртүрлі санаттағы өзге нысандар да өңделеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар