Ел мүддесі ескерілуі керек

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен кеңейтілген кеңесте Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары қайта қаралатынын айтты.

Нақты айтқанда, былтырғы жылы енгізілген төрт норманы күшіне енгізуге келесі жылға дейін мораторий жариялайтынын, алдымен жағдайды егжей-тегжейлі саралап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешіп, келісімге келген жағдайда, мораторий алынып тасталатынын  атап өтті. Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты жарияланған бұл шешімін дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, жер халықтың қазынасы болғандықтан, елдің пікірімен санасқан жөн. Жерді өңдейтін де, шаруашылықты дамытатын да халық. Сондықтан, Үкімет басында отырған жауапты адамдар халықпен бірлесе жұмыс істеп, жерді қорғаса, ол ел мүддесін қорғағаны деп есептеймін.
Бақыт ӘМІРХАНОВА,
Егіндікөл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар