«Ақ жол» партиясы атынан жер мәселесін түсіндірді

Ақмола облысында жұмыс сапарымен болған Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова   «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалында партия активімен кездесу өткізді. Алдымен, жоғары заң шығарушы органның жұмысы жайлы қысқаша хабарлама жасады. Қазіргі жұртшылықты толғандырып отырған жер мәселесі жөнінде де өз ойын ортаға салды.

Ауыл шаруашылығы жері өз деңгейінде өңделіп, сапалы пайдаланбағаны жасырын емес. Оны қалай тиімді пайдалануға болады? – деген мәселе бүгін өткір тұр. Сонымен бірге, кәсіпкерлік саланы дамытудың жайы да сөз болды. Заң шығару бар да, оны орындау бар. Бірақ, біздегі заңдардың орындалуы шыны керек, сын көтере бермейді. Меруерт Қазбекова осы мәселені шешу үшін жергілікті басқару органдарының жауапкершілігін арттыру маңызды екендігін атап айтты.
Депутат Ақмола өңіріне жұмыс сапары барысында Астананың күретамыр жолында орналасқан Атамекен ауылының тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Бұл ауыл табиғаты сұлу Бурабайдың баурайынан орын тепкен. Алдымен, Меруерт Қазбекова еліміздегі оң өзгерістер жайлы әңгімелеп берді. Бұл ретте, ауылды дамытудың бағдарламаларына баса назар аударды. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдаудың жай-күйі кеңінен сөз болды.
Бүгінде барша халықты толғандырып отырған жер мәселесі де ауызға алынды. Жерді көздің қарашығындай сақтау ата-бабадан мирас болып келе жатқан жақсы үрдіс. Халық қалаулысы жер шетелдіктерге ешқашан сатылмайтыны жөніндегі заң талаптарын ауыл адамдарына түсіндіріп берді.
Ауыл тұрғындары жергілікті жерлерде жайылымдық алқаптардың жоқтығын айтып, сауалдар жолдады. Мал бірде егінге, енді бірде басқаның жайылымына түсіп, айыппұл төлеуге мәжбүр етеді.
Атамекендіктердің  бір тобы жергілікті «Айдос-98» серіктестігіндегі пайларын ала алмай, қиналып жүргендерінен хабардар етті. Бұл арада, халық қалаулысы  ауыл тұрғындарына өзінің ақыл-кеңесін беріп, заңдық тұрғыда көмек көрсететінін атап көрсетті. Сонымен бірге, Атамекен ауылында көң-қоқыс төгетін арнайы орын да жоқ екен.
Жалпы, бұл кездесуде тұрғындардың дені өз сауалдарына толымды жауап алды.

«Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар