Халықтың байлығы

Соңғы кезде ел арасында әртүрлі ой туғызған Жер кодексінің бірқатар нормаларына Елбасының тарапынан мораторий  жарияланғаны белгілі.

Аталмыш заң нормаларының ел экономикасын нығайтуға негізделіп қабылданғаны рас болса керек. Осы орайда, қазақтың ауыл шаруашылығы жерінің экономикалық тұрғыда дұрыс қайтарым беруіне біз де тілектес болғанымызбен, заңның өзінің  қарапайым халық арасында аз түсіндірілгендігі де орын алғандығын айта кеткен жөн. Сол себепті, оған мораторий  жариялау – жұртшылықтың осы мәселеде  асықпай ойланып, оң-солын ақылға салуына қосымша уақыт беру деген сөз. Басты байлығымыз – Жер -Ананың тағдыры дұрыс шешіліп, алдымен барша Қазақстан халқының игілігіне қызмет етуіне біз, ардагерлер де барынша мүдделіміз.

Зияда НҰРЖАНҰЛЫ,
Жақсы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар