Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ендігі мәселе – ортақ шешімде - АРҚА АЖАРЫ

Ендігі мәселе – ортақ шешімде

Өткен жылдың 2 қарашасында «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданғаны белгілі.

Аталмыш өзгертулерде жерді пайдаланушылардың жалға алған жер телімі Қазақстан Республикасы азаматтарының жекеменшігіне сатылатыны қарастырылған. Олар жер телімінің құнын 10 жыл ішінде жеңілдік бағамен төлейді.    Заңда оралмандар мен шетелдік азаматтар үшін жалға алудың мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту қарастырылған. Ондағы мақсат – мемлекеттің активін үстем етіп, ауыл шаруашылығына қосымша инвестиция тарту. Бірақ, мемлекеттік қызметкерлердің осы тұрғыдағы жеткіліксіз  жұмысы, кейбір заң нормаларының дұрыс түсіндірілмеуі қабылданған өзгертулердің мақсатын тұрғындардың түсінбеуіне алып келді. Елбасына түскен көптеген өтініштерге байланыс-ты ел арасында осы түсінік жұмыстарын жүргізу үшін мораторий жарияланды. Мораторийдің мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының ұсынысын нақтылау. Осының өзінен Елбасының жүргізіп отырған оң саясатын аңғарамыз. Өзіміз өткізген кездесулерде аудан тұрғындары Мемлекет басшысының қабылдаған шешімін қолдайтынын аңғардық.
Серкеш ЖАНАБАЕВ,
Сандықтау аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар