«Ұлы Жеңіс туралы мен не білемін?»

9 мамырда Қазақстан Жеңіс күнін тойлайды. Бұл күні Ұлы Отан соғысы аяқталды. Сұрапыл соғысқа көп ұлттардың өкілдері  қатысты. Олар орыстар, қазақтар, тағы басқа ұлттар. Соғыс кезінде өте қиын болды. Фашистер ешкімді аямады. Халық аштықты, жоқшылықты бастан кешірді. Қазақтан шыққан батыр аға-әпкелеріміз зұлым жаумен аянбай шайқасты. Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Нұркен Әбдіров секілді батырларымыз мәңгі ел есінде қалды.
Соғыс енді болмасын! Әлемде бейбітшілік орнасын!
Диана БЕКЖАНОВА,
5-сынып оқушысы.

 Бұл соғыста адамдар батылдық пен батырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Соғысқа жас та, кәрі де қатысты. Бір шаңырақтан  әке де, ұл да сап түзеп, майданға аттанды. Соғыс балаларды тез есейтті. Кішкентайынан бастап олар үйдің қамқоршысы болды, ауыр еңбекте жүрген аналарына көмектесті, іні-қарындастарына қарайласты, далада масақ терді, шөп шапты.  Соғыс  төрт жылға созылды. 1945 жылы біздің әскерлер Берлин қаласын алып, Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Бұл күн ел жадында Кеңес Одағы халқының неміс фашистерін жеңген күні ретінде  қалды.
Диана САРЫГИНА,
7-сынып оқушысы.

Ұлы Отан соғысы – бұл адамдар жүрегіндегі үлкен жара. Көп адам қыршын кетті, сап-сау адам мүгедек боп оралды. Оралмағандары қаншама. Өз Отаны  үшін әркім өз жанын құрбан етті.  Соғыс талайдың арманын, үмітін, болашағын жалмады. Бар жақсы атаулының бәрін құртты. Соғыс бар жерде, тек қаза, қайғы ғана бар. Біздің ата-әжелеріміз сол ауыр қайғының жүгін көтере білді.
2015 жыл – біздің бәріміз үшін ерекше жыл болды. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл толғанын әлемнің көптеген елдері атап өтті. Жыл сайын біз, 9 мамыр күні болашағымыз үшін өз өмірін қиған аға ұрпаққа  алғыс білдіреміз. Ардагерлер үшін ең бастысы, үлкен мерекені тойлау емес, өздерінің ұлы істерін ұрпақтары ұмытпасын деген тілек.
Самал  САМАМБАЕВА,
9-сынып оқушысы.
(Жақсы ауданының Рентабельный орта мектебі оқушыларының жазған шығармаларынан).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар