«Нұр Отан» партиясының «№9 Үлгі сайлау округі» бастауыш партия ұйымында Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты ел халқына арнаған Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға арналған жиын өткізілді.
Шараға партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өміртай Жомартов, осындағы Саяси кеңес мүшесі Василий Устьянцев, аудандық мәслихат хатшысы Серік Шәуенов, мемлекеттік қызметшілер мен партия активі қатысты. «Құрылғаннан бері «Нұр Отан» партиясы Елбасы бастамаларының берік тірегі мен идеялардың таратушысы болып келеді. Бүгінгі таңда Президент белгілеген нақты тапсырмалар бізді жаһандық ахуалдағы нақты істерге бағыттайды», – деді өз сөзінде Ө.Жомартов.
Партияның аудандық филиалы
Саяси кеңесінің мүшесі Василий Устьянцев баяндама жасап, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жандандыру жұмыстарына, инвестициялар мен іскерлік белсенділікті қатыстыру, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы бағдарламаларын іске асыру мәселелеріне тоқталды.
Ал, «№9 Үлгі сайлау округі» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ботагөз Бекенова Жолдау барша қазақстандықтарға сергектік қуат пен болашаққа сеніммен қарау серпінін берді деген пікірде. Бүгінгі таңда бұл бастауыш партия ұйымының қатарында 120-дан астам адам біріктірілген. Олардың арасында жастар, ұстаздар бар. Нұротандықтар сайлауалды науқан кезінде белсенді түрде түсіндік және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сонымен қатар, аудандағы барлық спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға да қатысады.
Жиынды қорытындылай келе, Ө.Жомартов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлау науқанына белсене қатысқан азаматтарға партия Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың алғыс хаттарын салтанатты жағдайда тапсырды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Еңбекшілдер ауданы.