Жақсы әсер қалдырады

Жаратылысынан жан дүниесіне дарыған ақындық қасиет Марфуға Бектемірованың әдебиет әлемінен лайықты орын алуына әсер етті. Ол өзіндік қолтаңбасы, өршіл үні бар талантты ақын ретінде елге танымал болды.

 

Рухы биік, адамгершілігі мол парасатты қайраткер қыздың жан-жақты қасиеттері – ақындығы, жазушылығы, журналистік  тұрғыдағы шеберлігі  «Нұрлы дүние» кітабында айқын көрінеді, уақыт өткен сайын саф алтындай жарқырап, көзге түседі. Аталған кітап Елордадағы  «АстанаБланк-Издат» баспасынан жарық көрді.
Жаңа кітаптағы  Марфуғаның ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, ана тіліміздің мәртебесін көтеруге, қазақтың ұясы – ауылды сақтап, дамытуға, еліміздің тірегі – тәуелсіздікті көздің қарашығындай қорғауға үндеген ой-пайымдаулары, терең толғаныстары  оқырман жүрегіне жол табатыны ақиқат.
Кітап үш тараудан тұрады. Бірінші тарау – «Жақсы сөз жақсылыққа жетелейді», екінші тарау – «Өмірімнің мәні», үшінші тарау – «Асыл ағалармен сырласу» деп аталады. Мұнда мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың,  ғұлама ғалым Ақселеу Сейдімбектің, Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мәмбетовтың, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, талантты жазушы Айгүл Кемелбаеваның және басқаларының Марфуға ақынның шығармашылығы туралы жылы лебіздері берілген.
Екінші және үшінші тараулардағы    Марфуға Бектемірованың өз туындылары да оқырман қауымға жақсы әсер қалдырады деген ойдамыз.

Зарема СЕРІКОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар