Жергілікті жанкүйерлер биыл Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы өз стадионында бірде-бір ойын өткізбегеніне алаңдаулы. Осы себепті, біз футбол клубының директоры Николай Панинге жолығып, себеп-салдарын білген едік.
– Николай Борисович, бүгінгі таңда біздің команда өз алаңында Премьер-Лига ойындарын неліктен өткізбей отыр.
– Біздің жақта ауа райы құбылмалы екені белгілі. Қыс қолайсыз болғандықтан, «Оқжетпес» стадионы алаңындағы екпе шөптің біраз бөлігі жарамсыз болып қалды. Шөп көтерілу үшін уақыт қажет. Сол себепті командамыз меймандарын Астана қаласындағы «Астана-Арена» және Щучинск қаласындағы «Жақсы» стадиондарында қабылдауға мәжбүр болды.
– Шөптің тез өсуі үшін не істеліп жатыр?
– Алаңның шөбін жаңартумен қатар стадион, оның ішінде трибуна, шешінетін орын, баспасөз орталығы, жеңіл атлетика жолы жөнделуде. Бұл жұмыстар аяқталуға жақын.
– Жыл соңына дейін футбол алаңын жақсы жағдайда сақтап, ойын маусымының соңына дейін Көкшетау қаласында өткізуге мүмкіндік бар ма?
– Алаңды сақтау үшін қажетті жағдай жасаймыз. Алаңды қалпына келтіруге қорықтан алынған шымның барлық қоры пайдаланылды. Ол 600 шаршы метрді құрайды. Қазір қосымша тағы 400 шаршы метрге тапсырыс берілді. Қалалықтарды ұзағынан қуанту үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз.
– Клуб өз стадионына қашан оралады?
– Маусымның ортасында оралады деп жоспарлаудамыз. Әзірше, 25 және 29 мамыр, 2 маусымдағы ойындар Астана қаласында өтеді. Өзім клуб атынан Көкшетау қаласында футбол мерекесі ұзақ уақыт болмағаны үшін көкшетаулықтар мен барлық футбол жанкүйерлерінен кешірім өтінемін. Біз көкшетаулық жанкүйерлер сүйікті командасының ойынын өз көздерімен көретін күнін асыға күтудеміз. «Оқжетпеске» жаңа жеңістер тілейміз.
Сұхбатты жүргізген
Яна ХАБИБУЛЛИНА.