Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сыңғырла соңғы қоңырау, сәт сапар тілеп түлекке! - АРҚА АЖАРЫ

Сыңғырла соңғы қоңырау, сәт сапар тілеп түлекке!

Облыс орталығындағы Тәуелсіздік алаңында жарасымды әнімен, салтанатты сәнімен өткізілген соңғы қоңырау мерекесіне облыс әкімі Сергей Кулагин  қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіретін түлектерге оң сапар тіледі.

Балалық балдәуренмен қоштасып,  болашаққа қанат қаққалы отырған түлектердің бұл күнді тағатсыздана күткені анық. Осыдан он бір жыл бұрын жүректері лүпілдеп, тұлымдары желбіреп, мектеп табалдырығын имене аттаған балғындар бүгін сол алтын ұяларымен  қимай қоштасуда. Бұл күні  мектеп бітірушілермен бірге, олардың ата-аналары мен ұстаздары да ерекше толқуды бастан кешті.  Жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мереке еліміздің Әнұранымен ашылды. Облыс басшысы Сергей Кулагин түлектерді мектеп бітіру салтанатымен құттықтап,  ақ жол тіледі.
Соңғы қоңырау мерекесі оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, үлкен өмiр жолына шығарып салады. Еліміздің болашағы – Сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да, алда да жалықпай, талмай   ізденіп, Отанымыздың  қарыштап дамуына үлес қосатын  азамат болуларыңызға тілектеспін. Алда үлкен асулар күтіп тұр. Барлықтарыңыз Ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтеді деп сенемін, – деді облыс әкімі.
Биыл  4 мыңнан астам түлек  үлкен өмірмен қауышу алдында тұр. Олардың арасында республикалық деңгейде өткен интеллектуалдық олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жүлдегерлері де бар. Олимпиада
сайыстарында топ жарған Көкшетау қаласындағы №17 орта мектептің түлегі Жандос Тасымов, Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының түлегі Алмас
Жамаш пен №6 орта мектептің түлегі Юлия Черногорова  білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарына деген алғысын үш тілде жеткізді. Мектеп бітірушілер мұғалімдер мен  педагогикалық еңбек ардагерлерінің  құшақтарын гүлге толтырды. Одан әрі әсем әуеннің ырғағымен қоштасу вальсін биледі.
 Мерекелік кеш  барысында түлектер ән мен жырдан шашу шашып,  жиналған жұртшылықтың алдында өз өнерлерін паш етті. Сонымен, соңғы қоңырау сыңғырын да естір сәт жетіп, осы бір жан толқытар әуенмен бірге, әуе шарлары көкке көтерілді.  Аспанда шарықтаған ақ түсті бұл шарлар  түлектердің  асқақ армандарын арқалап бара жатқандай әсер қалдырады. Сыңғырлай соғылған соңғы қоңырау оларды үлкен өмір сапарына шығарып салғандай. Иә, сәт сапар, жас түлек!

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар