Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Ж.Қ.Асановқа

Құрметті Жақып Қажманұлы!

Көктемгі дала жұмыстары қызу жүріп жатқан  қазіргі уақытта менің атыма Ақмола облысының Жарқайың  аудандық мәслихатының депутаты В.Винучиктен хат келіп түсті.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің атынан жазылған бұл хатында ол жанар-жағармай жеткізіп беруші оператор ретінде белгіленген «КарЭнерго-уголь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келісім-шарт бойынша ақшасы толық төленіп қойылған 379 тонна жанар-жағармайды былтырдан бері, яғни, 2015 жылдан бері  жеткізіп бермей отырғандығын айтып, көмек көрсетулерін сұрайды.
Жасалған келісім-шарт бойынша тиісті жанар-жағармайларын алуға жасаған өз әрекеттеріне тиісті серіктестік мән бермей отырған көрінеді.  Сізге осыған байланысты  заңдық тұрғыдан көмек көрсетуіңізді сұраймын.
Сенат депутаты Жабал ЕРҒАЛИЕВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар