Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тарих тағылымы – ұрпаққа ұлағат - АРҚА АЖАРЫ

Тарих тағылымы – ұрпаққа ұлағат

Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, «Тарих  шындығы: оқиғалар, тағдырлар» атты  конференция өткізілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткен отырысқа зиялы қауым, қоғамдық жұртшылық өкілдері, «Нұр Отан» партиясы мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан  Нұркенов  талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген  сол азапты жылдардың тарихына тоқталды.
Сол алапат аштық, репрессия жылдары тоталитаризм құрбандарына айналған жандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.
Бұдан кейін мінбеге көтерілген Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Амангелді Қашқымбаев 1945-1980 жылдардағы қазақтың зиялылары жайында сөз қозғады. Шешен Сәкен Сейфуллин, Ермахан Бекмаханов, Ілияс Есенберлин сияқты ұлт перзенттерінің саяси қызметінен сескенген тоталитарлық жүйенің қатыгездігін баяндады. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, Аманжол Есмағұлов қазақтың біртуар перзенті Сәкен Сейфуллиннің идеялық бағытының  өз шығармашылығында көрініс табуы жөнінде біраз деректер келтірді. Мәселен, ақынның «Жүсіпхан» поэмасы мен «Азия» өлеңінде күрескерлік идея көтерілген.
Қазақстан Жазушылар одағы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, белгілі қаламгер Төлеген Қажыбай өзінің  ашаршылық пен қуғын-cүргін тақырыбына жазылған «Қан кешу» және «Аран» кітаптары жайында әңгіме өрбітті. Бұл кітаптарды жазбас бұрын жазушы ауылының ақсақалдарымен әңгімелесіп, мол деректер жинап, қиын-қыстау уақыттың жантүршігерлік оқиғаларын жіті зерттеген. Осылайша, автор жай ғана деректерге сүйенбей, аталмыш кезеңнің ауыртпалығын тартқан азаматтардың әңгімесін өз шығармаларына арқау еткен.
Сталиндік қуғын-сүргінге тек қазақ халқы  ғана ұшыраған жоқ. «Видергебурт» Ақмола облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Людмила Менжеганың сөзі осыны айғақтайды. Ол  соғыс жылдары жүзеге асқан саяси науқанда өз отбасының тартқан зардаптарын  баяндады. Сондай-ақ, ата-анасының жер аударылғаннан кейінгі тұрмысын айтып берді. Сөз соңында  Людмила Менжега қазақ халқының тағдыр тәлкегіне ұшыраған түрлі ұлтқа төрінен орын беріп, жатсынбай бауырына басқанына ризашылығын білдірді. Ал, репрессияға ұшыраған қайраткер Зарап Темірбековтің ұрпағы Жәмшит Темірбеков қуғын-сүргін жылдардың елесі тағдырына өшпес із қалдырғанын ауыр тебіреніспен еске алды. Мектеп қабырғасынан бастап, өмірі қадағалауда болған қайсар мінез иесі партия қатарына да өтпеген. Ол енді жас ұрпақ қасіретті жылдарды көрмесін деген тілегін жеткізді.
Конференция соңында бұландылық Марғұлан
Оспанов саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу күніне орай арнауын орындап, бұл атаулы күнді  желтоқсанның 7-не ауыстырса жөн болар еді деген дәлелін келтірді. Оның айтуынша, азалы күннің балаларды қорғау   мерекесімен қабаттасуы дұрыс емес.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар