Балаға күлкі сыйла!

Атбасар қаласының орталық алаңында «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық» жобасы аясында аудандық «Жас Отан» жастар қанаты мен жастар орталығы «Балаға күлкі сыйла!» атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырды.

Шара барысында  балғындар үшін ойын алаңдары, шеберлік сағаттары өткізілсе, шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарлама ұсынды.  Айта кетерлігі, қала жастарының қуыршақ болып киініп, жеткіншектердің көңіл-күйлерін көтеруі  өз жаңашылдығымен ерекшеленді. Қала тұрғындары қуыршақтармен суретке түсіп,  думандатып би биледі.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 30 балаға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 40 балаға «Мұз үстіндегі цирк»  атты қойылымға билеттер табыс етілді. Аталмыш қойылым жас көрермендерге  қайталанбас әсер сыйлап, қиял әлеміне жетеледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Атбасар қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар