«Көкшетау арнайы олимпиадасы» қоғамдық қоры Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, облыс орталығындағы «Ани» мейрамханасында мерекелік шара ұйымдастырды.

Мейірім шуағы

Ақмола облысының әкімі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткізілген шараға Көкшетау қаласындағы психологиялық дамуында тежеуі және интеллектуалдық бұзушылықтары бар балаларға арналған облыстық №1 арнайы түзеу мектеп-интернаты, есту кемістігі  бар балаларға арналған №4  облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты мен  тірек-қимыл жүйесі бұзылған мүгедек балаларға арналған әлеуметтік-медициналық мекеменің 100-ден астам тәрбиеленушілері қатысты.
Мерекелік жиынның ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов мүмкіндігі шектеулі балаларды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, есту кемістігі  бар балаларға арналған №4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернатына жазғы киім-кешек тарту етті.  «Көкшетау арнайы олимпиадасы» қоғамдық қорының жетекшісі  Дәурен Шәріпов ұйымдастырушылардың бірі «Бари» армян мәдени орталығының төрағасы  Норик Магламянды  балаларға көрсетіп отырған қамқорлығы үшін Алғыс хатпен марапаттады.
Шара шеңберінде спорттық ойындар ойналып,  балаларға ақ дастархан жайылды. Балаларына қуаныш сыйлаған мерекелік шараны ұйымдастырушыларға ата-аналар да дән риза болды. Немересі Юриймен келген Нина әжей  Сасонная шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып,  өзінің  жүрекжарды алғысын білдірді.
Қызықты өткен мерекелік бағдарламаның соңында балалардың ақ арманындай ауа шарлары көкке ұшырылды.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар