Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дамуымыздың нақты жолы - АРҚА АЖАРЫ

Дамуымыздың нақты жолы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  жыл сайын халыққа арнаған Жолдауларында еліміздің дамуы тұрғысындағы саяси іс-қимылымыздың бағыт-бағдары мен алда тұрған міндеттер  жан-жақты баяндалады.

«Қазақстан – 2050: Қазақ елі – Мәңгілік Ел!» стратегиясы мемлекетіміздің «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қалыптастыруға бағытталған. Бұл идея көне заманнан бергі бабалар аңсаған асыл мұраның жалғасы. Еліміздің одан әрі дамуы және жарқын болашағы да осы бағдарламаның нақты жүзеге асуына байланысты болмақ. 2015 жылдың 30 қарашасында Елбасымыз «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда қазіргі әлемді қамтып отырған экономикалық дағдарыс жағдайындағы еліміздің стратегиялық жұмыс бағдары, өндірісті өрге бастырып, дағдарыстан шығу жолдары жайында жан-жақты айтылған.  
«Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жасап отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету, әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің  қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру. Біз бұл мақсатымызға міндетті  түрде жетеміз. Мен бүгін жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаңа жаһандық нақты ахуалда дамудың басты бағыттарын айқындайтын  Қазақстан халқына Жолдауымды жария етпекпін», деп атап көрсетті Елбасы Жолдауында. Әрине, қазіргі жаһандық саяси
ахуалды ескере отырып, еліміздің әрі қарай
дамуын ойластыру үлкен тапқырлықты, алғырлықты, біліктілікті қажет ететін шаруа екені түсінікті. Осы орайда, Елбасымыздың өткен жылғы Жолдауында дағдарыстан шығудың амал-тәсілдері ойластырылып, құзырлы органдардың алдындағы нақты міндеттер белгіленген.
Бүгінгідей қаржылық дағдарыс кезінде еліміздің алдында 5 институционалдық реформаларды жүзеге асырудың «100 нақты қадамдарын» айқындаған Ұлт жоспары белгіленді.   Мемлекет басшысының Жолдауы елімізді барлық салалар бойынша дамытудың негізгі міндеттерін айқындаған нақтылығымен ерекше әсер қалдырды. Жолдау әлем елдерін қысып бара жатқан дағдарысқа байланысты көңілінде алаңдаушылығы бар халықтың жүрегіне сенім ұялатып, үміт отын жақты.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақмола облысы бойынша қазынашылық департаменті республикалық бюджетті және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсету, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша операцияларды есепке алу, қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қолма-қол ақша айналымын бақылау және шетел валюталары шоттары, квазимемлекеттік секторы субъектілерінің шоттары бойынша операцияларды жүргізу қызметтерін жүзеге асырады. Департамент өз қызметінде мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер, оларды жергілікті бюджеттер бойынша үйлестіру, жергілікті бюджеттерге түсімдерді бөлу  нормативтерін жүргізеді,  қолма-қол ақшаны бақылау шоттарын  мемлекеттік мекемелердің шетел валюта шоттарын, КСС шоттарын, аударым операцияларын жүргізу және оларды есепке алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен қарым-қатынас жасайды. Қаржы саласындағы осындай күрделі де сан қилы жұмыстарды жүзеге асыратын қазынашылық департаменті қызметкерлері қазіргідей дағдарысты кезеңде әр маман өз міндетін адал атқарып, Елбасымыз алға қойған міндеттерді жүзеге асыруға белсене араласқанда ғана тығырықтан шығып,  дамудың даңғыл жолына түсерімізді жақсы түсінеді.
Көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің бас-ты байлығы – бірлігіміз бен татулығымыз. Еліміздегі бірлік пен келісімділікті сақтап қалу үшін әлемдік дағдарыс қысқан қазіргідей күрделі кезеңде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын баршамыз болып қолдауымыз керек.

Сансызбай БЕЙСЕНОВ,
Ақмола облысы бойынша
қазынашылық департаментінің
басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар