Кәсіптік білімнің білгірлері

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Атбасар қаласындағы №1 индустриалдық-техникалық колледжінде «Үздік педагог – 2016»  облыстық байқауы болып өтті.

Сайысқа техникалық және кәсіптік орта білімнен кейін білім беру ұйымдарының  18 оқытушысы қатысты. Әр оқытушы өзін-өзі таныстырып,  «Мен жаңашыл педагогпын» деген тақырыпта эссе жазды. Сайысқа қатысушылар  республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары өткізген шеберлік сыныптарына қатысуға мүмкіндік алды.
Осымен қатарынан бесінші жыл өтіп отырған байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлдені Көкшетау қаласындағы Жанайдар Мусин атындағы педагогикалық колледжінің балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесінің оқытушысы Нұргүл Мұқышева жеңіп алды. Бірінші орынды №1 Атбасар индустриалдық-техникалық колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Юлия Голец иеленсе,  екінші және үшінші орындарды Щучинск қаласындағы педагогикалық колледжінің дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Виктор Венгловский мен Қатаркөл ауыл шаруашылығы колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Дарья Кампут өзара бөлісті.  Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылардың мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар