Оралхан Бөкей рухы қолдады

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы Оралхан Бөкей атындағы XVIII облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын өткізді.  Байқауға 18-35 жас аралығындағы жастар қатысты. Олардың бәрі – облысымыздың қалалары мен аудандарындағы мемлекеттік қызметшілер арасында өткен Оралхан Бөкей оқуларының жүлдегерлері.

Бұрын облыс деңгейінде жүлделі орын алған қатысушылар екінші қайтара облыстық сайысқа, қатыстырылмайтын болғандықтан, Оралхан Бөкей оқуларына қатысушы талапкерлердің есімдері жыл сайын жаңаруда. Байқау екі кезең бо-йынша өтті. Бірінші кезеңде  кез-келген жазушының қазақ тіліндегі прозалық кітабынан үзінді оқу керек болса, екінші кезеңде кез-келген ақынның өлеңін мәнерлеп оқып беру керек.
Қатысушыларға әділ бағасын беріп, төрелік еткендер – Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Нұргүл Смағұлова, Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық- драма театрының актері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Құмарбек Қалқатаев және Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің оқытушысы Рүстем Мұсафарханов.
Қазылар алқасы мен көрерменнің көңілінен шығып, жүлделі үшінші орынға Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Дариға Жаңабаева ие болса, екінші орын Есіл ауданының «Жаңа Есіл» аудандық газетінің тілшісі Жадыра Жантықбаеваға бұйырды.
Ал, жүлделі бірінші орынға ие болып, қыркүйек айында өтетін республикалық Оралхан Бөкей оқуларына қатысуға жолдама алған Егіндікөл ауданы Ушаков орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапура Шінетбаева жоғарыдағы сайыста облысымыздың намысын қорғайтын болды. Қатысушылардың бәріне Алғыс хаттар табыс етілсе, жүлделі орын иегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Мерген ТОҚСАНБАЙ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар