Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Құнды басылым - АРҚА АЖАРЫ

Құнды басылым

Халықаралық түркі академиясының ғылыми кеңесінің ұсынуымен Әзірбайжан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, философия ғылымдарының докторы Джаваншир Фейзиевтің «Түркі мемлекеттерінің Одағы» атты кітабы Астанадағы «Ғылым» баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. Кітапты орыс тілінен қазақ тіліне аударған белгілі аудармашы қаламгеріміз Смағұл Рахымбек.

– Смағұл аға, бұл басылымның маңызы неде?
– Әңгімені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың мына сөздерінен бастағанымыз дұрыс деп ойлаймын: «Біз Түркі дүниесінің  түрлі мемлекеттеріміз. Алтайдан Жерорта теңізіне дейінгі аралықта   біздің 200 миллионнан астам  бауырларымыз  өмір сүріп жатыр.  Егер  біз ынтымағымызды арттыра берсек, онда өте ұтымды күшке  айнала аламыз!» Елбасының  бұл сөздері түркі тілдес  өзге де  тәуелсіз мемлекеттер көшбасшыларының осындай саяси ұстанымдарын  негізге ала отырып, түркі мемлекеттері Одағын құрудың алғышарттарын, жалпы түркілік  стратегияның  басты мақсаттарын  анықтауға септігін тигізеді. Бұл кітаптың қазақ оқырмандары үшін  осы жағынан құнды боларын айтқым  келеді.
– Бұл  еңбекті  аударуға не себеп болды?
– Мен  әзірбайжан тілін ептеп білетін адаммын. Сол себеп болды ма, кітапты тәржімалау маған ұсынылды. Қазіргі уақытта профессор Фейзиевтің өкілі, әзірбайжанның танымал журналисі  Аида ханымға аударылған кітапты табыс еттім. Осының барысында өзімнің де түркі  әлемі  жайында  білімім  толыға  түсті.
–  Аударма қиын болған жоқ па?
– Мен бұрын да бірнеше роман, повестер аударғанмын. Есенинді,  Баратинскийді тәржімаладым. Орыс жазушылары Беловтан, Распутиннен жасаған  аудармаларым  оқырман қауымға белгілі.  
– Кітаптың  көлемі қандай болды?  
– Философиялық еңбек болғаннан соң, қазақ оқырмандарына түсінікті тілмен тәржімалауға күш салдым. Таралымы 2000 дана болып, қазақ тілінде басылып шықты. Ұзын-ырғасы алты айда бітірдім. Жалпы көлемі 311 бет болды. Мұның өзі зейнет демалысындағы қаламгерге уақытты  ұтымды пайдалануға оңды болды.
– Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбатты жүргізген Б.Қайырлин.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар