Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қамқорлық барда, жалғыз емес - АРҚА АЖАРЫ

Қамқорлық барда, жалғыз емес

Атбасар аудандық «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері, жастар орталығының қызметкерлері мен №11 агротехникалық колледжінің оқушылары «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасының аясында Сандықтау балалар үйінде болды.

Кездесу барысында тәрбиеленушілер жоба белсенділеріне өз қызығушылықтары жайында айтып, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті. Балалардың мамандық таңдауларына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде, Атбасар жастары балалар үйінің тәрбиеленушілерінің оқу-тәрбие жұмысына, спорттық іс-шараларға, сонымен қатар, әртүрлі тренингтер мен семинар сабақтарын өткізуге қолдан келгенше жәрдемдесіп, көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
«Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен тілдесу барысында, біз жұмысымызда алдағы уақытта атқаратын істерді белгілеп алдық. Ол – бірлескен спорт іс-шаралар өткізу және де балалардың бос уақытының қызықты өтуін ұйымдастыру. Балалар үйі проблемаларының толықтай шешілуі қоғам мен биліктің өзара нәтижелі қатынасының арқасында болады.  Балалар үйінің әрбір тәрбиеленушісі еліміздің толыққанды құқығы бар азаматы екенін ұмытпауымыз қажет. Олар мемлекеттің қарауынсыз қалмауы керек», – деп атап өтті «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі Бүркіт Самат.
«Жас Отан» мүшелері балалардың тұрмыстық жағдайларымен, үйірмелер мен секциялардың жұмыстарымен танысты. Белсенділердің ерекше қызығушылығын оятқан білім беру бағдарламасы болды. Мекемедегі жағымды атмосфераға қонақтар қайран қалды. Әрбір бала тәрбиешілер мейіріміне бөленген, жақсы тұрмыс жағдайында өмір сүріп, білім алады. Өзінің шығармашылық және спорттық қабілеттерін ашуға, дамытуға мүмкіндігі бар. Тәрбиеленушілер мен белсенділер әңгімелерін шай іше отырып, достық қарым-қатынаста жалғастырды. Кездесу соңы Атбасар жастарының балаларға жылы
қарсы алғандары үшін алғыстарын айтып, тәтті сыйлықтар таратуымен аяқталды.

Тұмарым БАБАСАНОВА,
А. Байтұрсынов  атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар