Қызықты әсерлерге толы он күн

Бурабай ауданына қарасты «Звездный» балалар сауықтыру орталығының жазғы маусымы ашылды.

Биылғы маусымның бір ерекшелігі, облысымыздың әр ауданынан және республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 350-ден астам бала Бурабай өңірінің тамаша табиғатымен сүйсініп қана қоймай, облыстық білім басқармасы жанындағы балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы қолға алған жаңа жобаның куәсі болады. Бұл жобаның мақсаты – балаларға ағылшын тілін үйрету.
«Звездный» сауықтыру орталығының биылғы серіктесі  – «AMERICAN SCHOOL» тіл орталығы. Олар балаларға күніне 4 сағат ағылшын тілін үйрету үшін осы тілде ойындар ойнатып, тіл жаттықтырады. Оның барысында балаларға өзара осы тілде  сөйлесуіне баса назар аудармақшы. Биылғы маусымның бірінші ауысымына республикалық «Үркер» интеллектуалды сауықтыру орталығына еліміздің әр аймағынан 130 дарынды оқушыны әкелді. Олар да ағылшын тілін оқып, білімдерін толықтыра түседі.  Әр ауысым 10 күнге созылады.
Демек, сауықтыру орталығына келген бала он күн ішінде тіл ұстартып, тамаша табиғат аясында дем алып, бойы мен ойын сергітіп қайтады.
Осылайша «Звездный» сауықтыру орталығы биыл жеті ауысым бойы өзіне келген балалардың жақсы дем алуына жағдай жасамақ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар