Халықтың тарихи зердесінің жанды арқауы

Құрметті мұрағат қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Халықаралық мұрағат күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің құжаттық және тарихи естеліктерін сақтауда мұрағаттың рөлін бәріміз де білеміз. Барлық заманда мұрағат қызметінің басты міндеті еліміздің материалдық және рухани өмірін бейнелейтін тарихи-мәдени мұрасын сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу болып қала береді.
Олардың баға жетпес ғылыми, әлеуметтік, саяси, экономикалық маңызы және ең бастысы тәрбиелік мәні бар, мұрағаттарда жинақталған іскерлік, тағы басқа түрлі құжаттар адамгершілік пен патриотизмді дамытуға септігін тигізеді. Тарихи естеліктердің қоймасын мұрағат деген көркем сөзбен атайды. Онда ерте заманнан бүгінгі күнге дейінгі көптеген пайдалы және бірегей ақпараттарды табуға болады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей «Мұрағат – қағаздар қоймасы емес, халықтың тарихи зердесін жандандыратын бұлақ».
Құрметті мұрағат қызметкерлері! Сіздердің жауапты және қажырлы еңбектеріңіз тарихтағы «ақтаңдақтарды» жоюға мүмкіндік береді. Сіздер алдағы уақытта да, өз ізашарларыңыздың көптеген ұрпағының керемет дәстүрлерін жалғастырып, облысымыздағы мұрағат ісін дамытуға маңызды үлес қосатындарыңызға кәміл сенемін. Барлық мұрағат мекемелерінің қызметкерлері мен ардагерлеріне зор денсаулық, ашық аспан және береке-бірлік тілеймін.

Сергей Кулагин,
Ақмола облысының әкімі. 

 

 

Қадірлі мұрағат қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Біз еліміздің тарихи-мәдени мұрасы жайлы деректерді мұрағат қызметі арқылы аламыз. Мұрағат құжаттары қоғамның материалдық және рухани өмірін бейнелеп қана қоймай, баға жетпес тарихи, ғылыми, әлеуметтік, саяси және экономикалық маңызға ие.  
Сіздер біздің облыс және оның тұрғындарының өмірімен байланысты құнды деректерді сақтау ісіне ауқымды үлес қосып келесіздер. Мұрағат қорын сақтау, жинақтау, есепке алу және пайдалану бойынша жауапты жұмыстарды атқара отырып, өткенге құрмет көрсетуге, халықтың мәдени деңгейін көтеруге ықпал етесіздер. Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс пен кәсіптік жетістіктер тілеймін!

Дулат НҰРМОЛДИН,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар