Елін сүйген ердің бірі

Республикалық «Ұлан» гвардиясының қолбасшысы, генерал-лейтенант, V-VІ шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты  Абай Тасболатов пен Парламент Мәжілісінің депутаты,  қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Петр Шарапаев, сондай-ақ, экс-сенатор, парламентаралық ассамблея мүшесі Анатолий Башмаков  Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жанынан құрылған қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшелерімен кездесті.

  Еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Бурабай курорттық аймағында орналасқан орталықта дем алып жатқан балалар қонақтарға Ұлы Отан соғысы жылдарынан сыр шертетін тарихи қойылым ұсынды.
Шарада сөз сөйлеген орталық директоры Мұхитдин Төлепбай соңғы кездері қоғамда жас ұрпақты патриотизм, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу  идеясының рөлі артып, мемлекеттік маңызы зор іске айналып отырғандығын атап өтті.
– Орталықта жыл сайын елдің әр аймағындағы мектептерден келген алты мыңнан астам оқушы демалып қайтады. Мұнда балалардың шығармашылық жағынан өсуіне барлық жағдай жасалынған. Әр маусымда балалармен жүргізілетін жұмыс пен педагогикалық ұжымның жинақтаған тәжірибесі оқушыларды қазір елімізге керек патриоттық  рухта тәрбиелеуге мүмкіндік береді, – деді одан әрі ол. Осы мақсатта құрылған академия-да оқушылардың отансүйгіштік сезімін қалыптастырып, арттыру бағытында түрлі  іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жүздесу барысында Абай Тасболатов қазақстандық жас патриоттар академиясы президумының құрметті мүшесі болып қабылданды. Ол өзіне осындай құрмет көрсеткен орталық ұжымы мен қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшелеріне алғысын білдіре келе, келешек жастардың еліміздің нағыз отансүйгіш азаматы  болуларына тілектестігін білдірді.

 

Аслан ОСПАНОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар