Заңның жобасы қолдау тапты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысына мораторий жарияланған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтың айтуынша, аталған құжат Қазақстан Республикасы  Президентінің жер заңнамасына қатысты  Жарлығын орындау мақсатында әзірленген. Аталған заң жобасымен ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін «ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның және Жер кодексінің бірқатар нормалары тоқтатылады.
Атап айтқанда кодекстегі шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, жарғылық капиталындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттары мен уақытша жерді пайдалану құқығын берумен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығындағы жер учаскелеріне жекеменшік құқығын берумен байланысты нормаларының қолданысқа енгізу мерзімі тоқтатылады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар