Жер комиссиясын басқарады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  –  Ауыл  шаруашылығы министрі қызметіне тағайын-далған Асқар Мырзахметов Жер реформасы бойынша комиссия жұмысын басқаратын болды.

Бұл туралы ҚР Үкіметінде өткен селекторлық отырыс барысында Министрлер кабинетінің басшысы Кәрім Мәсімов айтты.
«Асқар Мырзахметов Қазақстан Респуб-ликасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындалды. Сізге жемісті жұмыс тілеймін», – деді Кәрім Мәсімов.
Өз кезегінде А.Мырзахметов көрсетіліп отырған сенімге алғысын айтып, барлық жинақтаған тәжірибесі мен білімін саладағы жұмысына бағыттайтындығын жеткізді.
Бүгінге дейін Жер реформасы жөніндегі комиссияның Астанада үш отырысы және Ақмола облысында бір көшпелі отырысы өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар