Аттандық сапарға көңілде мол арман…

Өткен аптаның жұмасы облысымызда 4323 түлектің салтанатты жағдайда орта білім туралы аттестат алуымен есте қалды.

Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебінің түлектері де осындай қимас сәтті бастарынан кешті. Жиында әсем әуен қалықтап, жиналғандар мерекелік көтеріңкі көңіл-күймен жадырады. Әсіресе, аталмыш кештің оқу орнының жиырма бес жылдығымен тұспа-тұс келуі оның маңызын тіптен арттыра түсті. Түлектер мен ата-аналарды құттықтай келген қалалық білім бөлімінің басшысы Бейбіт Жүсіпов өзінің жүрекжарды лебізін білдіріп, ақ жол тілей келе, мектеп бітіруші түлектерге аттестаттарын тапсырды. Оның ішінде Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы  бойынша өз білімдерін  дәлелдеген Евгения Милюта мен  Камила Оспановаға «Алтын белгі» төсбелгілерін табыс етті. Айта кетерлік жәйт, биылғы жылы білім ошағын тәмамдаған 26 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, орташа көрсеткіш 90 балл болған. Салтанатты кеш соңында мектеп түлектері алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздар қауымына  өз жылы лебіздері мен  жүрек түкпіріндегі қимас сезімдерін білдіріп, ән-жырмен шашу шашып, мектеп  вальсін  дөңгелете  биледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар