Көкшетауда арнайы дүкен жұмыс істей бастады.
Облыстық іскер әйелдер кеңесі кәсіпкерлерге әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен жетім балаларға қол ұшын берудің әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруды ұсынған еді. Бұл жобаға алғашқылардың бірі болып Ферая Загреева кірісті.
– Дүкенде негізінен, өзім және басқа да тұрғындар үйлерінен әкелген балалар киімі, аяқ киімдер мен ойыншықтар бар. Арасында әлі киілмеген киімдер де кездеседі. Біздің мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 227 үй, – дейді кәсіпкер. Кеңестің кезекті отырысына қатысушылар өз проблемаларымен, жетістіктерімен және келешектегі жоспарларымен бөлісті. Сондай-ақ, бірқатар аудандық іскер әйелдер кеңестерінің төрайымдары таныстырылып, өңірлік кеңестің жетекшісі сайланды. Кеңеске Көгершін Бексұлтанова басшылық жасайтын болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.