Сырғалы сақ қызы

Облысымызда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде сонау сақ дәуіріне тән бірнеше әшекейлі алтын бұйымдар мен жасөспірім қыздың сүйегі табылды.

Бұл тарихи құнды олжа Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушылары мен студенттері жүргізген қазба жұмыстары барысында тылсым тарих жәдігерлерін қойнауына бүккен Кеңөткел топырағынан табылды. Осы маңнан ҮІІ ғасырға тән қыш ыдыстар да табылып, ғалымдардың назарын аударуда.
Университеттің аға оқытушысы Серғазы Сәкеновтың болжамына қарағанда, мәйіт қыз баланікі болуы әбден мүмкін. Өйткені, қабірден сирек кездесетін алтын жалатқан түйреуіштер мен әртүрлі пішіндегі моншақтар шыққан. Моншақтар да алтын жалатылған және мәйіттің бас жағында үлкен сырға жатыр. Соған қарағанда оның сақ қызы болуы әбден ықтимал.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар