Кәсібінің қадірін білген

«Зеренді Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің механизаторы Абай Махамбетов ауыл шаруашылығы саласында біраз жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі механизатор.

 

Осыдан 12 жыл бұрын ауыл шаруашылығы техникасына отырған ол биылғы көктемгі егісте тәулігіне 100 гектарға жуық егістік алқапқа дән сіңіріп, күндік жоспарын асыра орындаған механизаторлардың алдыңғы қатарында болды.
Өз ісіне тыңғылықты Абайды қашан болсын, серіктестіктегі қауырт істердің бел ортасынан көресіз.  Осындай еңбек озаттарының арқасында шаруашылық биыл да  көктемгі дала жұмыстарында аудан бойынша көш бастап, болашақ өнімнің берік негізін қалай білді.  Кейінгі жауған жаңбырлар да  енді егіншілер үмітін еселеп, «астықсыз қалмаймыз» деген сенімге бастап отыр.  
Зеренді ауданы.

Суретте: озат механизатор Абай Махамбетов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар