Бақылауы бар істің берер игілігі басым

Ақмола Медиа орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің реттеу саясаты басқармасының басшысы Бибігүл Мұстафина және Дүниежүзілік банктің өкілі Андрей Паляницаның қатысуымен «Кәсіпкерлік қызметті реттеу тұжырымдамасын дамыту» тақырыбында семинар өткізілді.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен аудандық өнеркәсіп бөлімдерінің қызметкерлері қатысқан семинарда Бибігүл Мұстафина кәсіпкерлік қызметке реттеу тетіктерін енгізу, осы орайда, мәслихаттардың нормативтік-құқықтық шешімдерінің  жобасы бойынша ықпалды шараларды қолға алу жайында баяндама жасады. Оның барысында кәсіпкерлердің жұмысына жол ашатын нормативтік-құқықтық актілер мен құжаттарды даярлау барысында жіті көңіл бөлетін жайларға назар аударылды. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлік қызметті реттеу тиімділігін арттырудың  тараптар  үшін маңызы зор. Бұдан кәсіпкерлер де, мемлекет тек ұтатын болады.
Дүниежүзілік банк тарапынан еліміздегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға оң ықпалын тигізетін атқарушы органдардың түрлі сатылары арасындағы кәсіпкерлікті реттеу мен бақылаудың тиімділігін арттыру бағытындағы зерттеулер жүргізіліп отырады. Дүниежүзілік банк өкілі сондай зерттеу және талдау шараларының қорытындылары жа-йында баяндап, осы саладағы назар аударатын мәселелерге тоқталды.
Сонымен қатар, семинар барысында мәслихат, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, экономикалық зерттеу институты арасында өзара әрекет ету мәселесі де сөз болды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар